Қарағанды облысының ІІД ұрланған және «криминальды» ұялы телефондардың базасын Интернетте жария етті

1 пікір

Қарағанды облыстық ІІД сайтында ұрланған және «криминальды» ұялы телефондардың базасы орналастырылды,

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Облыстық ІІД сайтында (www.krgdvd.kz) «Өзіңнің телефон-онлайныңды тексер» (ұрланған және «криминалды» телефондардың қоры) айдары жұмыс істей бастады. Қолданыста болған ұялы телефонды сатып алу кезінде оның ұрланғандардың қатарында жоқтығын тексеруге болады. Ол үшін тек сайтқа кіріп, телефонның IMEI-кодын енгізіп, жауабын күту қажет», – деп түсіндірді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер егер сатып алынған телефон ұрланғандар базасында болатын болса, тез арада хабарлауға өтініш білдіруде.

http://www.inform.kz/kaz

Ауылдық жерлерді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың ролі

Пікір қалдыру

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2009 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен ауылдық жерлерде республика халқының 46,6% тұрады [1]. Демек, ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жалпы экономиканың дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан да қазіргі экономикалық жағдайда ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында жан-жақты шаралар қолға алынып келеді. Қазіргі таңда мемлекетте іске асырылып келе жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалардың да бірқатары осы мақсатқа арналған. Солардың бірі – 2003 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Ауылдық жерлерді дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Ауылдық жерлерді дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бірқатар мемлекеттік бағдарламалармен тығыз байланыста жүзеге асырылып келеді. Атап айтсақ, аталып отырған бағдарламаның шаралары 2005-2010 жылдарға арналып дайындалған Денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен дамытудың және Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында атқарылып келе жатқан шаралармен үйлесім тапқан. Мысалы, «Ауылдық жерлерді дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мектептер салынып, пәндерге арналған кабинеттер сатылып алынған. Бекітілген нормаларға сәйкес ауылдық жерлерді медициналық құрылыммен қамтамасыз ету нормативіне сай келтіру жолымен ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізу шаралары жүрілген.

«Ауылдық жерлерді дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (ары қарай-Мемлекеттік бағдарлама) екі кезеңге арналып жасалған. Бірінші кезең 2004-2006 жылдарды, екінші кезең 2007-2010 жылдарды қамтиды.

Бірінші кезеңнің және екінші кезеңге жоспарланған шаралардың іске асырылуына жасалған талдау Бағдарламада анықталған мақсаттар мен міндеттер толық орындалмағанын көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен алғанда, толық орындалған шаралардың үлесі 29,5% құраған, шаралардың 70,5% аяқталмаған.

Мемлекеттік бағдарламаға жұмсалған қаражаттарға жасалған талдау бірінші кезеңде жұмсалған 201,7 млрд. теңгеге жуық қаражаттың 33,4% республикалық бюджеттен, 46,4% жергілікті бюджеттен, 20,2% бюджеттен тыс қорлар қаражаттарынан жұмсалғанын көрсетіп отыр. 2004-2006 жылдары аталған қаражаттардың 54,3% әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, 44,1% инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, 1,6% институттық дамытуға жұмсалған. Сонымен, 2004 жылдан 2006 жылға дейін ауылдық жерлерді қаржыландыру 1,3 есе өскен. Бұл мерзім ішінде ауылдардағы 421 білім беру объектісіне, 318 денсаулық сақтау объектісіне, 861 ауыз сумен қамтамасыз ету объектісіне, 564 энергиямен қамтамасыз етудің ауылдық жүйесінің объектісіне және 156 км электр таратушы ауа желілеріне құрылыс және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген [2].

Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңінің жүзеге асырылу нәтижесіне жасалған талдау өкілетті ұйымдар мен аймақтар арасындағы жұмыстың жеткілікті деңгейде үйлестірілмегендігі, республиканың ауылдық жерлерін дамытудағы мәселелерді кешенді түрде шешу амалдары қолданылмағандығы бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануға нұқсан келтіргенін көрсетеді. Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (ары қарай – Есеп комитеті) мәліметтері де осыған дәлел болады.

Соңғы жылдары ауылдық жерлердің дамуына жасаған талдаулар әлеуметтік және мәдени даму көрсеткіштері сандық жағынан жақсарғанына қарамастан, Есеп комитеті өткізген тексерулер барысында білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылымның басқадай бағыттарындағы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бюджет қаражаттарын пайдалануда айтарлықтай кемшіліктерді  анықтаған. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңінің аяқталмағанына қарамастан, 365 ауылдық елді мекендерде мектептер саны 2000 жылы 25 ақпанда Үкімет қаулысымен бекітілген нормативке сай келмейтін болып шықты. Мектептердің көбі Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған [3].

Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңі аясында қабылданған шаралар ауылдық жерлерді электр желісімен қамтамасыз ету мәселесін шешкен жоқ. 2007 жылдың басындағы жағдаймен 226 ауыл орталық энергиялық жүйеге қосылмаған. Ондай ауылдық жерлердің көбі Қызылорда, Қарағанды, Қостанай облыстарында орналасқан (ауылдық жерлердің 8-11%) [3].

Есеп комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңінің аяқталғанына қарамастан, ауылдарды газбен қамтамасыз ету мәселелесі де өзекті мәселелер қатарынан орын алады. Өйткені табиғи газбен қамтамасыз етілген ауылдық жерлер үлесі 5,1 пайызды құрайды. Осыған байланысты бірқатар облыстар газбен қамтамасыз етуге бағыталған аймақтық бағдарламалар дайындаған. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады. Әйтсе де, бірқатар аймақтарда алға қойған мақсат орындалмаған, тұтынушылар үйлерін газ құбырына қосу бағытындағы жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаған. Мысалы, Атырау облысының Құрманғазы ауданында 158,9 млн. теңгеге қысымы жоғары жер асты газ құбырларын салынған. Есеп комитетінің тексеру нәтижелері  облыстық бағдарламада Ганюшкино, Орлы, Нұржау, Приморье және Строительный ауылдарында облыстық бюджет есебінен ауылдың ішінде қысымы төмен жер үсті газ құбырларын салу жоспарланғанымен, 2004-2006 жылдары облыс бюджетінен ақша бөлінбегенін анықтаған. Оның үстіне 2004 жылы газ құбырларының енгізілгеніне қарамастан, бұл ауылдық жерлер қысымы жоғары газ құбырларына қосылмаған [3].

Облыс әкімшіліктерінің мәліметі бойынша 2008 жылы ауылдық жерлерді дамытуға 201,0 млрд. теңге арналса, оның 49,4% республикалық бюджеттен, 45,6% жергілікті бюджеттен, 5% басқадай қаражат көздерінен бөлінген. Ауылдағы адам басына шаққанда, бөлінген қаражат 27,2 мың теңгені құраған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,1 мың теңгеге артық. Бөлінген қаражаттар 425 сумен қамтамасыз ету, 255 білім беру, 163 денсаулық сақтау, 53 мәдениет, туризм, спорт объектлерін және жергілікті 380 км жол салуға, 64 сумен қамтамасыз ету объектісін, 697 білім беру және 337 денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік берді.

Сонымен, 2004-2007 жылдар аралсығындағы нақты шығындар деңгейі жоспардан 6,0% немесе 17989 млн. теңгеге артық болған.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалған қаржының тиімділігіне баға беру мақсатында ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалды. Мұнда негізгі көрсеткіш ретінде даму потенциалы жоғары ауылдық жерлердің өсу динамикасы алынды. Бұл көрсеткіш ауылдық жерлердің дамуына баға берудің және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне рейтингтік баға берудің негізгі критериі болып саналады. Мониторинг нәтижесінде 2005 жылы (2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен) республикада 7367 ауылдық елді мекен болған, ол 2003 жылмен салыстырғанда 293 бірлікке аз. 7367 ауылдық елді мекеннің 1583 дамудың жоғары потенциалына, 5505 – орташа, 207-төмен потенциалына сай келсе, 72-де халық тұрмайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтеріне бойынша 2007 жылы ауылдық елді мекендердің саны 7217 құраған. Талдаулар нәтижесі ауылдық елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық дамуында ілгерлеу бар екенін көрсетіп отыр. 4 жыл ішінде даму потенциалы жоғары елді мекендердің саны 2003 жылмен салыстырғанда 521 бірлікке артса, экономикалық потенциалы төмен елді мекендер саны 569 бірлікке азайған. 2008 жылы жағдаймен даму потенциалы жоғары елді мекендер саны 2004 жылмен салыстырғанда 1266 бірлікке артып, даму потенциалы төмен елді мекендер 492 бірлікке қысқарған. 2009 жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен республикада 7093 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 2473-і даму потенциалы жоғары, 4490-ы даму потенциалы орташа, 103-і даму потенциалы төмен ауылдық елді мекенге жатады, 27 ауылдық елді мекенде халық мүлдем тұрмайды [5].

Сонымен қатар ауыл халқының саны жыл сайын өсіп келе жатқанын айта кету керек. Мұндай өсімге ауыл экономикасын дамытуға инвестицияяны тиімді салу нәтижесінде қол жеткізіліп келеді. Әйтсе де, республика халқының жалпы санындағы үлесі бір деңгейде сақталып отыр (кесте 1).

1- Кесте

Халық санының динамикасы

Көрсеткіштер 2004 2005 2006 2007 2008
1 Қала халқы, % 57 57,1 57,1 57,4 53,1
2 Ауыл халқы, % 43 42,9 42,9 42,6 46,9
адам 6432958 6460116 6522771 6563729 7305571
3 БАРЛЫҒЫ, адам 14951200 15074767 15219291 15396878 15571506

1-кестеде берілген талдаулар нәтижесі 2004-2007 жылдар арасында ауыл халқы саны жағынан өскенімен, республика халқы құрамындағы үлес салмағы өзгеріссіз қалып отырғанын дәлел. 2004 жылы ауыл халқының жалпы халық санындағы үлесі 43% болса, 2007 жылы 42,6% құраған. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда, ауыл халқының саны 11,3% артқанымен, жалпы халық санындағы үлесі 4,3% ғана өскен.

Салаларға бөліп қарастыратын болсақ, ауылдық жерлердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдары объектілерінің дамуы төмендегідей болып отыр:

- Білім беру саласында қабылданған шаралар мектеппен қамтамасыз етілмеген ауылдық елді мекендер санын 171 ге дейін (2003 жылы 458 бірлік) азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге ауылдық жерлердегі мектепке дейінгі мекемелер санының да оң динамикасы байқалады. Ауылдық елді мекендердегі мектепке дейінгі мекемелер саны 2004-2007 жылдар аралығында 2 еседен артық өскен, 2004 жылы ондай мекемелер саны 254 болса, 2007 жылы 617 құраған.

- Облыстық білім департаменттерінің (басқармаларының) мәліметтері бойынша Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңінің жүзеге асуы нәтижесінде ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бірсыпыра қаражат бөлінген. Нақтырақ айтсақ:

- 2004 жылы жергілікті бюджеттер қаражаттарынан 732,7млн. теңге, 2005 жылы 149,4 млн. Теңгеге физика, химия, биология кабинеттері сатылып алынған;

- 2004 жылы 42,4 млн. теңгеге, 2005 жылы 50,8 млн. теңге көлеміндегі жергілікті бюджет қаражаттары есебінен білім берудің түзету мекемелері арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2004 жылы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 18,4 мың оқушылық орын бар 42 мектеп, 2005 жылы  24,5 мың оқушылық орын бар 62 мектеп салынған.

2004-2006 жылдарда денсаулық сақтау объектлерімен қамтамасыз етілмеген ауылдық елді мекендердің саны 833-ден 60-қа дейін қысқарған. Мұндай нәтижеге жету үшін осы салаға 33,0 млрд. теңге салынған. Бөлінген қаражаттар 322 денсаулық сақтау объектлерінің құрылысы мен реконструкция жұмыстарына, 1951 объектінің күрделі жөндеуіне жұмсалған. Ауылдық елді мекендерді бекітілген нормативке сай медициналық құрылыммен қамтамасыз ету арқылы ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолын жеткізген. Қазір барлық ауылдық елді мекендер алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз етілген. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен денсаулық сақтау саласындағы басымдылығы жоғары объектлер салынуда: туберкулезге қарсы мекемелер, перзентханалар, орталық аудандық ауруханалар мен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсететін басқа да объектлер.

2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламалар аясында ауылдық денсаулық сақтауды дамытуға жасаған мониторинг нәтижелері 2005 жылы денсаулық сақтаудың 900 объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген [4].

Жұмыстар кейінгі жылда да жалғасын тапқан. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында республикалық бюджеттен 9,9 млрд.теңге 46 ауылдық білім беру объектлерін салуға жұмсалса, оның ішінде 5,9 млрд.теңге «100 мектеп» жобасы шеңберінде 26 объектіні салуға бөлінген. Жергілікті бюджеттен құрылыс және қайта жөндеу жұмыстарына 5,7 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 5,7 млрд.теңге 28 денсаулық сақтау объектісін салуға жұмсалса, оның ішінде 5,1 млрд.теңге «100 аурухана» жобасы шеңберінде бөлінген [5].

Ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету саласында Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 1036 объект салынып, 317 объектіге күрделі жөндеу жүргізілген. Қолға алынған шаралар нәтижесінде орталық су көздерінен ауыз суын тұтынатын ауылдық елді мекендер саны 227 бірлікке артқан. Тек 2009 жылдың өзінде ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін салуға 10,9 млрд.теңге бөлініп, ол 155 ауылдық сумен қамтамасыз ету объектілерін құрылыс және қайта жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген [5].

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі аталмыш бағдарламадан басқа жобаларда да кеңінен қарастырылған. Айталық, «Ауыз су» бағдарламасында ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуды талап ететін ауылдық елді мекендерді сол бағыттағы шаралармен толық қамту қарастырылған. Сонымен қатар Азиялық даму банкінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін дамытуға қаржы тартылған.

Ауылдың экономикалық және әлеуметтік жағдайының жақсаруына автокөлік жолдарының сапасы да үлкен ықпал етеді. 2004-2006 жылдар аралығында ауылдық жерлердегі автокөлік жолдарын жөндеуге 23,0 млрд.теңге бөлінген. Нәтижесінде қатты қабат төселген автокөлік жолдары бар автокөлік жолдары 2003 жылмен салыстырғанда 1563 бірлікке артқан.

Жыл сайын электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген ауылдар саны азая түсуде. 2004-2006 жылдары әртүрлі қаражат көздерінен энергетика объектлері құрылысына, жөндеуіне 4,3 млрд. теңге жұмсалған. Бөлінген қаражатқа 402 ауылдық елді мекенде 320 объект, 2984 км қамтитын электр таратушы желілер салынып, жөндеуден өткен. 2464 елді мекенде 2200 ауылды жарықпен қамтитын объект күрделі жөндеуден өткен. 2008 жылы республикалық бюджеттен мақсатты трансферт арқылы 238 ауыз сумен қамтамасыз ету объектісін дамытуға 16,2 млрд. теңге жұмсалған. 2008 жылғы нәтиже бойынша орталық электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылмаған ауылдық елді мекендер саны 2004 жылмен салыстырғанда, 109 бірлікке азайған. Қазір олардың саны – 116. 2009 жылы ауылдарды энергияның балама көздеріне қосу жұмыстары атқарылған. Нақтырақ айтсақ, Қарағанды облысында 11 электр жарығы тартылмаған ауылдық елді мекендерде электр желілерін тарту жөніндегі жобалар жүзеге аса бастаса, Қостанай облысында «2008-2010 жылдары электр жылу энергетикасын дамыту» деген аймақтық бағдарлама қабылданып, оған ауылды электр жарығымен қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі шаралар енгізілген.

Ауыл тұрғындарының үй жылту және ас дайындауда табиғи газды пайдалану деңгейі де аса маңызды көрсеткіш болып саналады. 2004-2006 жылдары 16,8 млрд. теңге ауылдық жерлерді газбен қамтамасыз етуге бөлінген. Бұл 143 ауылдық елді мекенді орталық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында ауылдық жерлерді газбен қамтамасыз етуге 25,8 млрд.теңге бөлініп, ауылдық жерлерде 1043 км. газ құбырларының құрылысы, қайта жөндеу жұмыстары мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Жалпы республика бойынша 571 ауылдық елді мекен, яғни барлық ауылдық елді мекенннің 8,1 % табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Ауылдық елді мекендерді телефонмен қамтамасыз ету телефон байланысын жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп келеді. Талдаулар нәтижесінде 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен ауылдық елді мекендердің 84,4% телефонмен қамтамасыз етілген, ол 2003 жылмен салыстырғанда 21,2% артық. Жыл сайын республикалық бюджеттен әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну бойынша ауылдардың байланыс операторларының шығындарын өтеуге қаражат бөлініп отырады. 2005-2006 жылдары бұл мақсаттарға жұмсалған қаражат көлемі 6 млрд. теңгені құраған. Сөйтіп, жыл сайын ауылдық жерлерде ортақ пайдаланатын телефон желісінің негізгі телефон аппаратттарының саны өсіп келеді (кесте 2).

2- Кесте

Ауылдық елді мекендердегі ортақ пайдаланатын негізгі телефон аппараттарының саны

мың бірлік

2003 2004 2005 2006 2007
Қазақстан Республикасы 427,3 461,2 522,4 585,0 745,8
Ақмола 36,6 40,0 46,6 50,1 60,5
Ақтөбе 18,7 22,9 25,9 30,8 38,4
Алматы 70,2 64,7 74,4 81,9 113,0
Атырау 13,0 14,3 19,7 23,1 34,0
Батыс Қазақстан 20,6 24,0 27,0 29,4 31,4
Жамбыл 33,0 35,0 42,4 45,5 48,0
Қарағанды 22,2 21,6 24,8 28,7 46,6
Қостанай 33,0 37,0 43,9 50,5 64,5
Қызылорда 6,4 7,1 8,7 11,4 34,4
Маңғыстау 1,1 1,4 1,8 6,7 13,6
Оңтүстік Қазақстан 40,3 46,0 51,9 59,7 73,6
Павлодар 29,3 33,0 35,5 38,0 41,7
Солтүстік Қазақстан 46,9 55,2 57,3 62,0 66,1
Шығыс Қазақстан 56,0 59,0 62,5 67,2 80,0

Сонымен, 2-кестеде берілген мәліметтер бойынша 4 жыл ішінде ауылдық елді мекендердегі ортақ пайдаланатын телефон аппараттарының саны 318,5 мың бірлікке, яғни 74,5% артқан.

«Қазақтелеком» АҚ мәліметтері бойынша 2009 жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен орталық жарықпен қамту жүйесіне қосылған елді мекендердің барлығына да телефон қойылған, оған халық саны 50 адамнан аз ауылдық мекендер де кіреді [5].

Пошталық-жинақ жүйесін дамытуға 2004-2006 жылдар аралығында 1,5 млрд. теңге бөлінген. Бөлінген қаражатқа 262 бірлік автокөлік, 58 жылжымалы пошталық бөлімшелер сатылып алынған, 83 ауылдық елді мекенде аудандық бөлімшелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүріліп, ауыл поштасы үшін 8 ғимарат сатылып алынған.

Ауылдағы мәдениет ошақтарының жағдайын жақсарту мақсатында 2004-2006 жылдар аралығында жергілікті бюджеттер мен басқадай қаражат көздерінен 12 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бұл 182 ауылдық мәдениет объектісіне құрылыс жұмыстарын жүргізуге, 538 объектіге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Жергілікті атқарушы ұйымдар мәліметтеріне сүйенер болсақ, республиканың ауылдық жерлерінде 2 мың мәдени ойын-сауық ұйымдары, 3 мың кітапхана жұмыс істейді. Ауылдардағы мәдениет мекемелеріне жасалған мониторинг нәтижелері мәдениет мекемелерінің желісіның саны 2003 жылы 1822 құраса, 2005 жылы 2385-ке дейін, яғни 31%-ға артқанын көрсетіп отыр. Жергікті атқару ұйымдарының мәліметтері бойынша республиканың ауылдық жерлерінде 7045 мәдени ойын-сауық ұйымдары болса, оның 4074-і кітапхана, 2869-ы клубтар, 83 мұражай және 19-ы кинотеатр [5].

Ауылдардағы мәдениеттің қалыптасуына, қоғамдық тәртіптің жақсаруына да көптеген істер арналып келеді. Ауылдық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қорғауға 3046 полиция инспекторлары тартылса, оларға көмектесетіндер саны 900, 700 автокөлік, 153 стационарлық радиостанциялармен қамтамасыз етілген. 2004-2006 жылдар аралығында жергілікті бюджеттер мен басқа қаражат көздерінен 531 млн. теңге бөлінген.

Ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз ету, олардың табысының деңгейін көтеру мәселелерін шешу миграциялық процесті тұрақтандыру факторларының бірі болып табылады. Осыған байланысты кадрлар дайындау жүйесін ауыл экономикасының қажеттіліктеріне сәйкестендіру мақсатында қосымша жұмыс орындарын ашуға және жұмыс күшіне сұранысқа жыл сайын мониторинг жүріліп отырады.

Ауылдық жерлердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту шараларымен қатар ауыл халқына шағын несие беру арқылы табыстарын арттыруға бағытталған «Ауыл халқына шағын несие беруді ұйымдастыру» деген бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама іске қосылған алғашқы жылы республикалық қаражаттан 1,0 млрд.теңге бөлінсе, 2006 жылы сол мақсатқа 2,0 млрд.теңге бөлінген. Сөйтіп екі жылдың ішінде 2006 жылғы 26 қазан күнгі жағдаймен 2 407 115 мың теңгеге 23,1 мың несие берілген. Өтелген қаражаттан 211 621 мың теңге көлемінде 1,8 мың шағын несие қайта берілді. Ауыл тұрғындарына шағын несиелер бере отырып, ақырғы қарыз алушы болып табылатын адамзат ресурстарының экономикалық потенциалын дамытуға үлкен мән беріледі. Осыған байланысты ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздері мен шағын несиені тиімді пайдалану жолдарын оқыту жұмыстары жүріледі. Шағын несие беру ауыл тұрғындарының отбасылық бюджетін көбейтуге мүмкіндік берді. Осыған байланысты 2006 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге несие беру үшін шағын несие беру ұйымдарының желісін дамытудың тұжырымдамасы мен оны жүзеге асыру Жоспарын бекітті.  Барлық  облыстарда аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша Аймақтық шаралар жоспарлары дайындалған.

Табысты арттыру, кедейшілік деңгейін төмендету және жеке, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2009 жылдың бірінші жартысында ауыл халқына 748,9 млн.теңгеге 2180 шағын несие берілген. Оның ішінде жалпы сомасы 64,5 млн.теңге 341 шағын несие табыстары күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарына, 684,4 млн.теңге көлеміндегі 1839 шағын несие табыстары орташа үй шаруашылықтарына берілген [5].

Жоғары да әртүрлі салалар бойынша ауылдық жерлерді дамытуға бөлінген қаражаттарға талдау жасап өттік. Әйтсе де, қаржыландыру көлемі ауыл халқына өмір сүруге қарапайым жағдай жасау мәселелерін шешуге де жетпейді. Осыған байланысты Мемлекеттік бағдарламаға жасаған талдау ауылдық жерлерде кезек күттірмейтін мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Мәселелерге нақтырақ тоқталатын болсақ, төмендегідей:

-Білім беру саласындағы бейімделген ғимараттарда орналасқан және оқу ауысымы көп білім беру объектлеріне байланысты мәселелер шешімей келеді. Мониторинг нәтижелері ауыл мектептерінің 47 % бейімделген ғимараттарда орналасқанын, 366 білім беру объектісінде толтыру коэффициенті 1,5 ауысымнан артық екенін көрсеткен.

- Ауылдарда медициналық қызмет көрсету бойынша да бірқатар кемшіліктер бар. Ауылдардағы денсаулық сақтау объектілерінің 77% бейімделген ғимараттарда орналасқан.

- Ауылда білікті мамандардың, нақтырақ айтқанда, мұғалімдер, дәрігерлер, мәдени мекемелердің қызметкерлерінің, ауылшаруашылық мамандарыны жетіспейді.

- Суды тасып ішетін ауылдық елді мекендердегі жағдай әлі де күрделі болып қалып отыр.

- Қолға алынған шараларға қарамастан, ауылдық елді мекендердің 25%-да аудан орталықтарына дейінгі жолдардың жағдайы қанағаттанарлық емес болып отыр. Ауылдардағы жөндеуден өткен және қайта салынған жолдар саны сапасы нашарлағаннан жолдар санының жартысына да жетпейді.

- Ауылдық елді мекендерді электр жүйесімен қамтамасыз ету саласында қабылданған шаралар мәселені толық шешкен жоқ. Энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасы ескірген.

- Ауыл тұрғындардың табысы артты деп айту қиын. Аздаған алға жылжу бар, бірақ ауылдағы жалақы төлеу Қазақстандағы орташа жалақыдан 2 еседей аз. Мысала, 2009 жылдың тамыз айындағы жағдаймен экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша орташа айлық атаулы жалақы 68 626 теңге құраған болса, ауылшаруашылығында 32 836 мың теңгені құраған. Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3% азайған [1].

- Ауылдағы кәсіпкерліктің жеткілікті дамымай отыр.

- Ауылдық жерлер тұрғындарының өздеріне қатысты мәселелердің шешімін қарастыруға көбінесе қатыса алмайды, яғни ауылдарда тұрмайтын адамдардың нақты жағдайды толық білмей жатып, шешім сырттан қабылданады.

- Ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың қызметтерінің жеткілікті үйлестірілмеген.

-   Қаражаттардың барлығы бірдей мақсатты жұмсалмай келеді.

Сонымен, Ауылдық жерлерді дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі атқарылып жатқан шаралардың тиімділігі онша жоғары емес екенін көрсетіп отыр.

Жалпы, жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан, Ауылдық жерлерді дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мемлекет үшін стратегиялық маңызды құжат болып табылады. Сондықтан Мемлекеттік бағдарлама аясында қарастырылып атқарылып келе жатқан шараларды алдағы уақытта басқадай стратегиялық және бағдарламалық құжаттар құрамында жалғастыру еліміздің ауылдық елді мекендерінің даму потенциалын арттыруға айтарлықтай үлес қосары сөзсіз.

“Экономика және статистика”

журналында жарияланған (№1, 2010)

Нарықтық экономика жағдайында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері

1 пікір

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында басты бағыттардың бірі ретінде «Тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясатты» атап өткен болатын [1]. Бұл мәселенің негізі тереңде десек, артық айтқандық емес. Өйткені кез-келген елдің экономикалық дамуы оның халқының әл-ауқатына тікелей тәуелді болса, халықтың өмір сүру сапасын анықтайтын басты көрсеткіштердің бірі – халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі.

Тұрғын үй мәселесі Қазақстанда Кеңес Одағы кезінен жалғасын тапқан өзекті мәселе. Ел тәуелсіздігін алғаннан бері  қарай шаралардың қолданыла бастағанына қарамастан, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін әлі де біраз уақыт керек. Сөзіміз дәлелді болу үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайын жасалған талдаулар нәтижесі ұсынылып отыр.

Тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты ресми ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты әр жылдардағы әртүрлі елдердегі халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішіне салыстырмалы талдау жасалды (кесте 1).

Дүниежүзіндегі бірқатар елдердегі жағдайға жасаған талдау көшбасшылықты Норвегия иеленетінін көрсетіп отыр. Одан кейінгі орынды АҚШ иеленген. Дания, Швециядағы жағдайды да көрсеткіштің 2003 жылғы жағдайды көрсететінін ескере отырып, айтарлықтай жақсы деп бағалауға болады.

Ал ең төменгі көрсеткішті Ресей мен Қазақстан иеленген. Талдау Қазақстанның тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайы әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштерден әлдеқайда төмен екенін көрсетеді. Ресейде бұл көрсеткіш көшбасшы елдің көрсеткішінің 28,5 пайызын құраса, Қазақстанда небары 23,6 пайызын құрайды. Жалпы, Қазақстандағы көрсеткіштің динамикасының баяу екенін айта кету керек. 2001 жылы әр жан басына шаққанда тұрғын үйдің ауданы 16,3 шаршы метр болса [5], 6 жылдан кейін бұл көрсеткіш 1,2 пунктке ғана артқан. Айтылып отырған көрсеткіштің адамдардың өмір сүру сапасын көрсететін көрсеткіштерінің бірі екенін ескерсек, Қазақстандағы халықтың өмір сүру сапасының дамыған елдерден қаншалықты төмен екенін елестету қиын емес.

Кесте 1. Әлем елдеріндегі халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі

Елдер Тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, кв.м/адам Көшбасшы елге қатынасы, % 

(Норвегия=100%)

Баға берген жылы
Норвегия 74,0 100,0 2006
АҚШ 65,0 87,8 2006
Дания 50,6 68,4 2003
Швеция 44,4 60,0 2003
Ұлыбритания 44,0 59,5 2001
Швейцария 44,0 59,5 2000
Нидерланды 41,0 55,4 2000
Германия 40,1 54,2 2002
Австрия 38,3 51,8 2003
Франция 37,5 50,7 2002
Финляндия 36,3 49,1 2002
Ирландия 35,0 47,3 2002
Словения 29,5 39,9 2002
Чехия 28,7 38,8 2001
Венгрия 28,0 37,8 2001
Эстония 27,7 37,4 2003
Словакия 26,0 35,1 2001
Латвия 23,9 32,3 2003
Литва 23,0 31,1 2003
Польша 22,2 30,0 2002
Ресей 21,1 28,5 2006
Қазақстан 17,5 23,6 2007

Дерек көздері негізінде автор құрастырған: [2], [3], [4], [5].

Мақалада сөз болып отырғани өзекті мәселені шешу мақсатында Қазақстанда Үкімет тарапынан жүйелі шаралар жүргізіліп келеді. Солардың қатарындағы ең негізгісі – Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы.

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының (ары қарай – Бағдарлама) қазіргі кезде 2 – кезеңі іске асырылуда. Бірінші Бағдарлама 2005-2007 жылдары іске асырылған болатын. Соның жалғасы ретінде халықтың көпшілігінің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу мақсатында 2007 жылы 20-тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды [6].

Бағдарламаның іске асуы барысында біршама елдегі тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіштерін арттыруға айтарлықтай ықпал еткен. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2009 жылғы мәліметтер бойынша 6,4 млн. шаршы метр барлық тұрғын үй пайдалануға берілген.

2009 жылғы ресми статистика деректеріне сәйкес, тұрғын үй құрылысына барлық қаржыландыру көздері бойынша 290,4 теңге инвестиция бағытталған, бұл 2008 жылғы деңгейден 41%-ға төмен. Іске қосылған тұрғын үйлердің енгізілген жалпы ауданы 2008 жылғы көрсеткіштің 93,4%-ын құрады. 2009 жылғы жоспарға тұрғын үй енгізу пайызы 103,2%-ды құрады. Республика өңірлері арасында тұрғын үй ғимаратын пайдалануға енгізілген жалпы ауданның ауқымды үлесі Астана қаласы (19,7 %) және Алматы қаласына (16,4%) келеді [7].

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы 2009 жылы Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Астана және Алматы қалаларының бюджеттері мен облыстық бюджеттерге республикалық бюджеттен 9,6 млрд.теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлінді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша  9108,0 млн. теңге (95%) игерілген. Жалға берілетін үйлер құрылысы бойынша бөлінген мақсаттық трансферттерді игеру төмендігі Астана қаласында байқалады (30%). 2009 жылы пәтерлердің 189,4 мың шаршы метр ауданы іске қосылған.

Талдау жасалып отырған кезеңде жалға берілетін үйді енгізу пайызы жоспарлы мәннің 77%-ын құраған. Жалға берілетін үйді пайдалануға енгізудің төмен пайызы Маңғыстау (46%), Павлодар (31%), Солтүстік Қазақстан (17%) облысында байқалған. Астана қаласында жалға берілетін үйлерді енгізу қамтамасыз етілмеген.

Несиелік қаражаттар есебінен тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 2009 жылы жергілікті атқарушы органдарға 16,1 млрд.теңге сомасында несиелік қаражаттар бөлінген [8].

2009 жылы 100 мектеп және 100 аурухана салып жатқан жұмыскерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша  бағдарлама шеңберінде 189,4 мың шаршы метр пайдалануға қосылған.

100 мектеп және 100 аурухана құрып жатқан жұмыскерлерге несиелік тұрғын үйді пайдаға берудің төмен пайызы Ақмола (55%), Шығыс-Қазақстан (64%), Қостанай (53%), Қызылорда (40%) облыстарда байқалған. Астана қаласында бюджеттік сала жұмыскерлері үшін несиелік тұрғын үй енгізу қамтамасыз етілмеген.

Қайта қолдану үшін 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған 45,8 млрд.теңгеден 21,7 млрд. теңге (47%) игерілген.

Несиелік қаражаттарды қайта қолдану есебінен несиелік тұрғын үйді енгізу пайызы 37% құрайды.

Астана қаласында 2009 жылы 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ескерілген жалпы ауданы 63,9 мың ш.метр тұрғын үй (ауданы 47,9 мың шаршы метр 743 пәтер) пайдалануға енгізілген.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімшілігі берген деректер бойынша 2010 жылғы 1 – қаңтардағы жай-күйі бойынша 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудан бастап несиелік қаражаттар есебінен салынған тұрғын үй алуға 72591 азаматтар өтініш берді. Екінші деңгейлі банктерге төлем қабілеттілігін растау жөнінде 28983 әлеуетті сатып алушыдан өтініш түскен.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілген, әлеуметтік сауалнама деректері бойынша жауап берушілердің 26%-ы, бағдарлама бойынша процестерден өту кезінде қиындықтар тұрақты туындап отырғанын айтады. Бұл халық санаттарының, әлеуетті сатып алушылардың, әсіресе жас отбасыларының табыстарын есепке ала отырып, тұрғын үй беру тетігін жетілдіруді талап ететіндігін көрсетеді.

«Самұрық-Қазына» қозғалмайтын мүлік қорының мәліметтері бойынша 2007 жылдан бастап, Қазақстанда тұрғын үйге қол жетімділік артқан.егер 2007 жылдың аяғында тұрғын үйге қол жетімділік көрсеткіші 7 жылға жуық болса, 2008 жылдың аяғында 5,5 жылды құраған. Ал, 2010 жылдың ақпанында бұл көрсеткіш 4,7 жылға тең болған [10]. Әйтсе де көрсеткіш динамикасының төмендегеніне қарамастан, 2010 жылғы қол жеткен көрсеткіштің өзі «тұрғын үйге қол жетудің» қиын екенін көрсетеді. Мемлекеттегі қолға алып жатқан шаралардың, әсіресе, республикалық маңызы бар қалаларда қарқынды екеніне қарамастан, Астана, Алматы қалаларындағы көрсеткіштер де төмендемей отыр. 2010 жылғы ақпандағы жағдаймен Астанада бұл көрсеткіш 4,2 жыл болса, Алматыда 5,7 жылға тең болған.

Тұрғын үй нарығындағы жағдайдың әлі күнге дейін жақсармай келе жатқанын елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түсу мақсатында 2010 жылдан бастап іске аса бастаған «Самұрық-Қазына» қозғалмайтын мүлік қоры арқылы «тұрғын үйлерді жалға беру» шарасы да көрсетіп отыр. Осы шара аясында бірінші кезекте берілетін объектлерге берілген өтініштер саны жалға берілетін үйлерге төлемнің айтарлықтай жоғары екеніне қарамастан, тұрғын үймен қамтамасыз етудің бұл амалына да халықтың арасында сұраныстың айтарлықтай көп екенін көрсетті.

Астана қаласындағы 232 пәтер бөлінген 2 объектіге барлығы 1130 өтініш тапсырылған. Сөйтіп, бір пәтерге шамамен 5 адам өтініш берген. Сондай-ақ, 2 бөлмелі пәтерлерге сұраныстың көбірек екенін айта кету керек. «Самұрық-Қазына» қозғалмайтын мүлік қорының мәліметтеріне сәйкес 2 бөлмелі 1 пәтерге шамамен 6 адам өтініш берген [9]. Пәтерлердің өтініш берушілердің рейтингіне сай бөлінуі бойынша жасаған талдау төлемқабілеттілігі орташа деңгейден төмен халықтың Астанадағы пәтерге  әлі де болса қол жетімділігі төмен екендігін көрсетті.

Олай болса, талдаулар нәтижелері Қазақстандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері әлі де өзекті екенін, еліміздің алға қойып отырған стратегиялық мақсаттарын толық іске асыру үшін халықты, әсіресе, әлеуметтік жағынан әлсіз, отбасылық табысы төмен және орташа топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың қажет екендігін көрсетеді.

“XXI ғасырдағы әлемдік және Қазақстан

экономикасының даму барысы мен бағыттары”

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағынан. More

Әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту туралы арнайы заң қабылдау қажет – Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы

Пікір қалдыру

Бүгінгі таңда елімізде әйел азаматтардың кәсіпкерлігін дамыту туралы арнайы заңды қабылдау қажет. Әрине, бұл мәселе көптеген піркірталастарды туғызуы мүмкін.Бірақ бұл заң бізге аса қажет. Бүгін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде «Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытудың гендерлік аспектілері» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» отырысында Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева осындай ұсыныс жасады.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда дамыған елдерде әйел азаматтардың кәсіпкерлігін дамытуды көздейтін заңнама бар. «Соңғы кезде Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын әйел азаматтардың артып келе жатқандығын ескерсек, бізде де әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуға арналған заңнаманың қажеттігі туындап отыр. Былайша айтқанда, елімізде әйел азаматтардың кәсіпкерлігін дамыту туралы арнайы заңды қабылдау қажет. Әрине, осы орайда сан алуан пікірталастар туындауы мүмкін. Бірақ осы заңды құжат отандық кәсіпкерлікті «еркек-әйел» деп бөлмей, нақты әйел азаматтардың кәсіпкерлігін дамытуға бағытталуы қажет», – дейді Р.Сәрсембаева.

http://www.inform.kz/kaz/article/2315198

Ерлан Қарин саясаттанушы-Астана Саммиті Қазақстанның Еуропа елдерімен келешектегі байланыстарын жан-жақты дамытуға мүмкiндiк береді.

Пікір қалдыру

Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық қызметі аяқталуға жақын. Біздің еліміз Ұйымның екі шылбыр, бір тізгінін ұстаған уақыт ішінде «қандай істер істелді, шешілмеген қандай мәселелер бар?» деген мазмұндағы сауалдар қазір сарапшылар арасында қызу талқылана бастады.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде қандай нақты істердің басын қайырды және Астана Саммиттінде қандай шешімдер қабылдануы мүмкін? Бұл жөніндегі пайымдауларын ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында белгілі саясаттанушы, «НұрОтан» ХДП-ның Хатшысы Ерлан Қарин айтып берді.

- Ерлан Тынымбайұлы, Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде қандай нәтижелi iстерді атқара алды?
- Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде нақты атқарған iстерiнiң бiрi – Қырғызстандағы саяси жағдайды реттеуге қосқан үлесі дер едiм. Қазақстанның дәл осы ұйымға төрағалығы кезiнде көршi қырғыз елiнде сәуiр, мамыр және маусым айларында қайғылы оқиғалар орын алды. Қазақстанның ара-ағайындық жасауының арқасында төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған ол елде азамат соғысы қаупiнiң алды алынып, саяси күштер арасында диолог орнады. Егер де биыл ЕҚЫҰ-ны Қазақстан емес, басқа бiр ел, оның iшiнде Еуропа мемлекеттерiнің бірі басқарғанда, Қырғызстандағы жағдайды реттеудегі Ұйымның әрекетi соншалықты белсендi болатындығына күмәнім бар. Тіпті Қырғызстан жағдайында істі реттеуге төраға ретінде басқа бір мемлекет араласқан күннің өзiнде де, қырғыз еліндегі iшкi күштердің бірлігі, беделi болмай тұрған тұста нәтиже аса мардымды болмас еді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болуының, біздің еліміздің аймақтағы қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бiрi болғандығының және қырғыз қоғамында Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің жоғарылығының арқасында ара-ағайындық миссия өте сәттi iске асты.
- ЕҚЫҰ тізгінін ұстағалы Еуропа елдерiмен қарым-қатынасымыз қаншалықты нығайды?
- Бұл ұйымға Төрағалық еткеннен берi елiмiздiң Еуропа мемлекеттерiмен қарым-қатынасы, әрине нығая түстi. Төрағалық туралы бастама көтерілген сәттен бастап-ақ, яғни соңғы бiр-екi жылдың көлемiнде Қазақстан аранайы “Еуропаға жол” бағдарламасын қабылдады. Бұл тек саяси ынтымақтастық емес, барлық саладағы қарым-қатынасты серпiндi дамыту үшiн қабылданған құжат болатын. Еліміздің еуропалық саяси құрылымдармен, атап айтқанда Еуропарламентпен, Еурокомиссиямен, Еуроодақпен қарым-қатынасы, қоғамдық қатынастарымыз, партиялар арасындағы, БАҚ, сарапшылар арасындағы байланыс нығая түстi. Жеке өз басыма келсем, еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткелi берi Еуропадағы бiрнеше әрiптестерiммен таныстым, партия өкiлдерiмен дос болып, қарым-қатынасымыздың нығайя түсті.
- Астанада Саммитінде Қазақстан төрағалығын қалай қорытындылайды деп ойлайсыз?
- Бұл төрағалық алдағы саммитпен ғана шектелiп қалмайды, оны дұрыс түсiнуiмiз керек. Керiсiнше, бұл төрағалық, саммит бiздiң еліміздің қарт құрлықтағы елдермен болашақтағы қарым-қатынасымызға жан-жақты дамытуға мүмкiндiк беретiн оқиға болады. ЕҚЫҰ жайында жан-жақты ақпарат берiлiп жатқанымен бiр өкiнiштiсi, қазақ тiлдi аудиторияға қатысты берiлiп жатқан сараптамалық ақпараттар жеткiлiксiз. Бiздер Еуропа аудиториясына Саммиттiң не үшiн, қандай мақсатта өткізілгелі жатқанын дұрыс жеткiзсек те iшкi аудиторияға, өз азаматтарымызға соны кеңiрек ұғындыра алмай отырған секiлдiмiз.
Осыдан 100 жыл бұрын Алаш қайраткерлерi Еуропа елдерiнiң қатарына қосылуды аңсаған болатын. Өздерiнiң бағдарламаларында, саяси құжаттарында Еуропа мемлекеттерiмен бірге бiр өркениетке, құндылықтарға жетудi аңсап, дербес мемлекет боламыз деп армандаған еді. Алаш қайраткерлерiнiң өзара жазысқан хаттарының арасында: “Түбiнде бiз тәуелсiздiк алып, дербес мемлекет боламыз. Сол уақытта университеттер ашып, балаларымызды бiлiмге тәрбиелейміз. Сонда олар бүкiл Еуропаға Абай мен Шоқанды туған қазақты танытады”, – деген. Сол арман, мұрат iс жүзiнде iске асып отыр, Еуропа елдерiнiң қайраткерлерi мен саяси басшылары бiздiң елде өтетiн үлкен саммитке қатысқалы отыр. Бұл төңiректе әртүрлi пiкiрлер бар шығар, дегенмен бұл саммит ең алдымен бiзге қажет. Себебi, мұнда Еуропа елдерiнiң мәселесi емес, өзiмiздiң аймақтық проблемаларымыз талқыланатын болады. Яғни, Ауғанстан, Қырғызстандағы саяси жағдай қаралады. Сондықтан бұл саммиттiң қажеттiлiгiн дұрыс түсiнуіміз, бұл саммитте қандай өзгерiстер, аймақтағы күрделі мәселелердi шешетiн қандай шешiмдер қабылданатындығы жөнiнде ойлануымыз керек. ЕҚЫҰ-ға бiздiң төрағалығымыз аяқталғанымен де бiз келесi жылы Ислам коференциясы ұйымына төрағалық етемiз, сондықтан да, бiз көтерген мәселелер аяқсыз қалмайды, олар күн тәртібінде қала бередi.
-ЕҚЫҰ сынды халықаралық ұйымға басшылық жасау қаншалықты маңызды?
– Бiз барлық халықаралық ұйымдардың iшкi әлеуетiн пайдалануымыз керек. Мейлі ол ТМД болсын, мейлі ЕҚЫҰ болсын. Сонымен қатар Ислам конференциясы ұйымының да мол мүмкiндiктерiн пайдалануымыз керек. Өзара қарым-қатынастарды нығайту және өзiмiздiң басқа бiр кеңiстiктердегi орнымызды табуға ынталы болу мақсатында. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудiң арқасында аймақтық мәселелердiң шешiлу деңгейiнiң бiршама өсуi Қазақстанға Ислам конференциясы ұйымына төрағасы болғаннан кейiн де аймақтық мәселелердi дүниежүзiлiк саяси пікірталастардың өзегiне айналдырып, көтеруге тағы бiр мүмкiндiк бередi. Себебi, бүгiнде Орталық Азиядағы Ауғанстан проблемасы, су мәселелерi немесе Иран төңiрегiнде қалыптасқан жағдай тек бiздi ғана емес, мұсылман әлемiн де алаңдатып отырған дүниелер. Сондықтан әрбiр мәселенi белгiлi бiр мүдделi топтардың, мүдделi ұйымдардың назарын аударта отырып шешу бiзге тиiмдiрек.
- Әңгімеңізге рахмет.
ҚазАқпарат /Әдiлет Мұсахаев/

http://www.kazinform.kz/kaz/article/2326615

Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өтетін күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қала тіршілігіне бірқатар өзгерістер енгізіледі

Пікір қалдыру

ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының Астана Саммитіне санаулы күндер қалды. Саммит өтетін күндері тұрғындардың емін-еркін жүріп-тұруы үшін және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала тіршілігіне уақытша бірқатар өзгерістер енгізілетін болады.
Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы Болат Тілепов айтып берді.

- Болат Анапияұлы, Саммит өтетін күндері Астананың күнделікті тіршілігінде қандай өзгерістер болады? Қала тұрғындарының жүріп-тұруына, қоғамдық көліктердің қозғалысына қандай шектеулер қойылады?
- Әрине, Саммит өтетін күндері Астана күнделікті қалыпты жағдайымен тұра береді деп айтуға болмайды. Бірақ «коменданттық режім» болады деуге де негіз жоқ. Білуімше, қазір дәл осы тақырыптың төңірегінде дүрлікпе бар. Саммит, мұндай ауқымды іс-шаралардың өзге елдерде ұйымдастырылып жүрген сызбасы бойынша өткізіледі. Бұл біздің тұрғындар үшін үйреншікті жәйт болмаса да, қалыпты тәжірибе және бұл мәселеде азаматтардың барлық құқықтары ескерілген. Мен мұнда шектеулерге қатысты айтып отырмын.
Өздеріңіз ойлап қараңыздар, Саммит күндері қалада 55 мемлекеттің президенттері, премьер-министрлері, парламент спикерлері, 65 халықаралық ұйымдардың басшысы болады. Олардың әрқайсысы жеке-жеке қорғауды қажет ететін тұлғалар, олардың кедергісіз қозғалуына мүмкіндіктер жасауымыз тиіс. Мұнда ресми тұлғалардың ғана емес, тұрғындардың өздерінің қауіпсіздігі мәселесі жатыр. Ал ол қауіпсіздікті көлік қозғалысына шектеу қоймай қамтамасыз ете алмаймыз. Бірақ тағы қайталап өтемін, көшелер жөн-жоқсыз жабылмайды.
Нақтырақ айтатын болсам, 26-30 қараша күндері Тәуелсіздік сарайында, Өнер университеті мен Бейбітшілік және келісім сарайында Саммитке дайындық шаралары жүргізіледі, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Шолу конференциясы өтеді. Олар нысаналы жерлерге жол полициясы автокөліктерінің ілесуімен жеткізіледі, яғни бұл уақытта жолдар жабылмайды.
26 қараша күні «С» аумағына (қызыл аумаққа) алып келетін жолдар барлық автокөліктер үшін жабылады. Олар – А.Байтұрсынов (41 көше), Нәжімеден (42), Тәуелсіздік даңғылы (Сығанақ көшесінен Сарайшыққа дейін), Обаған көшесі (39), Сығанақ (М-3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) және Сарайшық көшесі (Б.Момышұлынан Айнакөл көшесіне дейін). Бұл аумаққа тек қоғамдық және арнайы рұқсат қағаздары бар көліктер ғана кіре алады.
«Хайвил», «Гранд Астана» және «Городской романс» тұрғын үй кешендерінің аумағына кіру және шығу тек қана рұқсат қағаздары бойынша жүзеге асырылады. Аталмыш тұрғын үй кешендерінде тұратын 850 автокөлік иелеріне рұқсат қағаздарды тапсырылды.
Қаланың қалған бөліктерінде 26-29 қараша күндері шектеулер болмайды. Мәдени-ойын сауық және сауда орталықтарына, медициналық мекемелерге еш кедергісіз жетуге болады.
30 қараша күні түстен кейіннен бастап 1 желтоқсанның таңына дейін ресми делегациялардың басшылары келе бастайды. Меймандарды қонақ үйлерге (13 қонақ үй) жеткізу кезінде қаланың басты көшелері, атап айтқанда Әуежай күре жолы, Қабанбай батыр даңғылы, 2-нші көше, Түркістан көшесі, Сығанақ, 1-інші көше, Тұран, Қорғалжын тас жолы, Сарыарқа, Абай, Уәлиханов, Тәуелсіздік даңғылы толығымен жабылады.
Саммит болатын 1-2 желтоқсан күндері «С» аумағындағы көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады. Қаланың қалған бөліктерінде көліктер ағынын уақыттары белгіленген жеке сызбалар бойынша реттеу көзделіп отыр.
Мәселен, 1 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 7.30-дан 8.30-ға дейін Тәуелсіздік сарайына Саммитке қатысатын делегациялар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері келеді. Олар жол полициясы машиналарының ілесуімен жалпы көліктік ағынмен жеткізіледі, жолдар жабылмайды.
8.30-дан 10.00-ге дейін елорданың 13 қонақ үйіне жайғастырылған ресми делегациялардың басшылары Тәуелсіздік сарайына жеткізіледі. Бұл уақыт аралығында негізгі көшелер (Қабанбай батыр, Тұран, Абай, Тәуелсіздік даңғылдары мен Екінші, Сығанақ, Бірінші, Сарайшық, Сарыарқа көшелері, Қорғалжын тас жолы) толық жабылады.
Бірінші күннің отырысы аяқталғаннан кейін, ресми делегациялар Тәуелсіздік сарайынан Салтанат сарайына жеткізілетін сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін барлық автокөлік түрлері үшін мына көшелер: Сарайшық көшесі; Тұран даңғылы (Сарайшықтан Қорғалжын тас жолына дейін); Қорғалжын тас жолы (Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін); Қабанбай батыр даңғылы (Қорғалжын күре жолынан Бараев көшесіне дейін) жабылатын болады.
Сағат 20.00-ден 21.30-ға дейін Қабанбай батыр даңғылы (Қорғалжын тас жолынан Бараев көшесіне дейін) мен «С» аумағынан басқа барлық жолдар қайта ашылады.
Сондай-ақ, сағат 20.00-21.30 аралығында «С» аумағынан жол полициясы машиналарының ілесуімен жалпы көліктік ағынмен, қозғалыс шектеусіз, ҮЕҰ өкілдері «Думан» орталығына, ал отандық және шетелдік БАҚ «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық кешеніне жеткізіледі.
Салтанат сарайынан шыққан ресми делегацияларды қонақ үйлеріне (13) дейін кедергісіз жеткізу үшін сағат 21.30-дан бастап жоғарыда атап өткен негізгі көшелер қайта жабылады.
2 желтоқсан күні күннің бірінші жартысында қала көшелерімен қозғалыс 1 желтоқсан күнгі сызба бойынша жүзеге асырылады.
Түскі сағат 13.00-ден бастап ресми делегациялар басшылары Тәуелсіздік сарайынан кезең-кезеңімен Әуежайға жеткізілетін болады. Бұл уақытта мына көшелер: Сарайшық көшесі, Қабанбай батыр даңғылы (Сарайшық көшесінен Әуежай-Астана күре жолына дейін); Әуежай-Астана күре жолы жабылады. Бұл ретте, тұрғындарға жаңа әкімшілік орталығынан оң жағалауға жету үшін үш айналма жол ұсынылып отыр. Олар:
- Әуежай-Астана тас жолы – Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдары арқылы, Сығанақ – Орынбор – Тәшенов көшелері арқылы оң жағалауға шығуға болады.
- Жаңа әкімшілік орталықта тұратын адамдарға сондай-ақ, Сығанақ көшесі ашық болады. Ол арқылы Керей және Жәнібек көшесімен Тельман кентіне дейін, одан ары ауыл іші жолымен «Оңтүстік» айналма жолына шығып Абылайхан даңғылы мен Қорғалжын тас жолына жетуге болады.
- Тұран даңғылымен Екінші көше арқылы Комсомол кентіне, одан ары Қорғалжын тас жолына шығып, Күмісбеков, Сейфуллин көшелері арқылы кез-келген бағытта қозғалуға болады.
- Саммит күндері қоғамдық көліктердің және басқа облыстардан келген автомашиналардың қозғалысына шектеулер қойылады ма?
- Қоғамдық көліктерден бастайын. 26-29 қараша күндері Тәуелсіздік сарайының аумағымен жүретін 6 автобустың сызбасына өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшылары келетін уақытта қоғамдық көліктер қалыпты режімде жұмыс істей береді, тек кортеждер өтетін кезде ғана жолдың жиегіне ығыстырылады.
Саммит өтетін 1-2 желтоқсан күндері қаланың сол жағалауына алып баратын қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер қойлады. Нақтырақ айтқанда, бұл күндері 18 бағыттың тек 5-еуі ғана (төртеуі – «Бәйтерек» монументі аумағына, біреуі – Ильинка кентіне дейін) қызмет көрсетеді. Екі автобустың қозғалысы қаланың орталық бөлігінен – Республика даңғылынан бастап Орынбор көшесіне дейін, тағы екеуінікі – Оңтүстік-Шығыс кентінен Тоқпанов мен Орынбор көшесіне дейін жүзеге асырылады. 5 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылады. Тағы сегіз бағдардың қаланың ескі аумағымен жүру сызбасына шектеулер қойылады. Жалпы, қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі күтілмейді.
Жекеменшік көлік туралы айтатын болсам, Саммит өтетін жерлерден өзге жолдарда қандай да бір шектеулер қою күтіліп отырған жоқ. Мен Астана және басқа аймақтардың мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерге қатысты айтып отырмын. Бірақ коммуналдық қызметтердің технологиялық көліктерінен өзге, жүк көліктеріне қала ішімен жүруге тыйым салынады.
- Іс-шара күндері коммуналдық және шұғыл әрекет ету қызметтері қалай жұмыс жасайды? Осы жерде бірден, анықтама қызметтері мен айырбастау пінкттері туралы айтып өтсеңіз.
- ЕҚЫҰ саммитіне дайындық және ол өткізілетін күндері қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі жүйелер (энергиялық нысандар, жедел әрекет ету және коммуналдық қызметтер) қалыпты, бірақ күшейтілген режімде жұмыс істейді. Бұл күндері негізгі ауыртпалық 051, 101, 102 және 103 шұғыл қызметтеріне түседі.
Үкіметтен бөлінген қосымша қаражаттарға жедел-медициналық жәрдем қызметі үшін 23 реанимобиль, 12 өрт сөндіру техникасы, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жол полициясының жұмысына арналған 50 арнайы автомашина сатып алынды. Ауа райы жағдайы нашарлап жатса, екі кезеңмен жұмыс істейтін (таңертеңгсі сағат 07.00-19.00-ге дейін және 19.00-ден таңертеңгі 07.00-ге дейін) механикаландырылған жинау техникаларына жол полициясының 20 патрульдік автокөлігі ілесіп жүретін болады.
Анықтамалық және басқа да қызметтер үшін бұл күндері жұмыс көбейетіні сөзсіз. Қазір оларды тиісті стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
- Халық аузында Саммит күндері базарлар, сауда орталықтары, кинотеатрлар мен басқа да демалу орындары жабылады деген әңгімелер жүр. Бұл әңгімелердің негізі бар ма? Бар болса мұндай шаралар қандай қажеттіліктерден туындады?
- Бұл мәселе бойынша да әңгімелер тым әсіреленген. Барлық супермаркеттер, сауда орталықтары, кинотеатрлар, демалу және ойын-сауық мекемелері күнделікті жағдайда жұмыстарын істей береді. Саммитке дайындық және ол өткізілетін күндері уақытша жабу туралы шешім тек базарларға ғана қатысты қабылданды. Бұл немен байланысты? Бұл ең алдымен, тұрғындардың өздерінің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Екінші кезекте, қаладағы көлік қозғалысын реттеу үшін.
Ондаған мемлекеттердің басшылары бір жерде және бір мезгілде бас қосқан мұндай ауқымды шаралар, деструктивті күштер үшін идеологиялық, тіпті физикалық шабуылдар жасауға жақсы мүмкіндік екендігін жіті түсінуіміз қажет. Және адам көп шоғырланған орындар, соның ішінде базарлар лаңкестік әрекеттерден қауіпсіздендірілмеген. Бұл сегмент қауіпсіздік тұрғысынан алып қарағанда анағұрлым осал.Сондықтан бұл жердегі біздің басты мақсатымыз – күмәнді тұлғаларға мұндай жерлерге қару-жарақтарды, жарылғыш, уландырғыш, психотропты және басқа да осы сынды заттарды алып кіруіне жол бермеу. Бір сөзбен айтқанда, барлық болуы және болмауы ықтимал жағдайларды ескеру.
- Шетелдік меймандарды қарсы алуға дайындығымыз қалай? Қонақ үйлер, көлік, тамақтандыру мәселелерінде проблемалар жоқ па?
- Келетін қонақтардың жалпы санына сәйкес, 68 қонақ үйден 4701 орынға есептелген 3447 бөлме дайындалды. Бүгінгі күні олардың барлығы қонақтарды қарсы алуға толығымен дайын. Барлық нысандардың аулалары абаттандырылды, ішкі жолдары жөнделіп, автотұрақтары кеңейтілді. Жалпы алғанда 27 қонақ үйде күрделі жөндеулер жүргізілді. Барлық нөмірлерге интернет желілері тартылды. Әрине, мемлекет басшылары орналастырылатын 13 қонақ үй біздің ерекше бақылаумызда.
Негізінен, бас шаһардың қонақ үйлерінің стандарттарға сәйкестігіне бақылау-ревизиялық жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Мәселен, мейманханалардың сервисін тексеру үшін енгізілген «құпия клиент» әдістемесі өз нәтижесін беруде. Мысалға, осы әдіспен таңдап алынған 13 қонақ үйді тексеру барысында барлық дерлік нысанда тазалыққа қатысты кемшіліктер болды. Тең жартысында қызметкерлерінде, дәлірек айтқанда олардың жүріс-тұрысында, тілдерді білу және тағы да басқа мәселелерде проблемалар бар. Бұл түйіткілдер қазір жойылып жатыр. Осы апта бойы мұндай тексерулерді күнделікті өткізіп жатырмыз.
Қонақтардың тамақтануына қатысты айтатын болсам, іс-шаралар өткізілетін (Бейбітшілік және келісім сарайы, «Шабыт» өнер үйі) жерлердегі тамақтану, сондай-ақ қонақ үйлер мен мейрамханалардағы таңғы және кешкі астармен қамтамасыз ету мәселесін ҚР Президенті Іс басқармасы, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Астана әкімдігі бірлесіп ұйымдастырады.
Осы ретте, Саммитке қатыстырылатын барлық қонақ үйлер, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтануға арналған мекемелер келушілерге қызмет көрсетуге 90 пайызға дайын екендігін қадап айтқым келеді. Саммит қатысушылары мен қонақтарының тамақтануына (6,5 мың орын) барлық талаптарға жауап беретін ең жақсы 37 мейрамхана таңдап алынды.
- Әңгімеңізге рахмет!
ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/
АСТАНА. 26 қараша.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П Бришамбо Қазақстанның Саммитке қатысты алдын ала жұмыстарына жоғары баға берді

Пікір қалдыру

Бүгін елордада ЕҚЫҰ аясындағы Шолу конференциясы өз жұмысын одан әрі жалғастырып, кеңейтілген жалпы отырыс өтуде. Бұған ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо да қатысуда.
«Астана Саммиті және оның қарсаңындағы шаралар өте белсенді өтуде. Біз түстен кейін Саммит барысында қабылданатын декларация жобасын әзірлеуге кірісетін боламыз. Дегенмен, мен бұл ретте ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші Қазақстан тарапынан дайындалған декларация жобасын ұйымға мүше басқа да мемлекеттердің тарапынан жақсы қабылданғанын, толық қолдау тапқанын атап өткім келеді. Тек біршама пысықтау шаралары жүзеге асады. Яғни, бұл ретте Саммитке қатысты бағыттағы алдын ала жұмыстың жоғары деңгейде болғанын атап өткім келеді», – деді Бас хатшы журналистерге берген сұхбатында.

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/

Сырсандық сыр шертеді

Пікір қалдыру

Ортамызға Экономика саласының қыры мен сыры, ұңғыл-шұңғылына сүңгіп жүрген Бақаңның <қазақ>  блог әлеміне  отауын тігіп,  ортамызға келуін шын ризашылықпен құттықтаймыз!

Жазбасы  көп болсын,

Отауы ордаға айлансын.

Шөлдеп келгендер,

шөлін басып дамылдап

іргесіне алаңсыз

ат байласын!

Жолың  ашық,

маңдайың  жарық болсын деп ақ жолтай тілейміз!!

Көкбөрі блогы

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.